19-26 маусым аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері «Кондара-2023» Варзобск тау-кен-ботаникалық станциясы (ВГБС) базасында биоалуантүрлілікті зерттеу бойынша халықаралық семинарға қатысты (Душанбе, Тәжікстан). Семинарға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан және Әзірбайжаннан келген экологтар, ботаниктер, физиологтар қатысты. Жобаны ұйымдастырушылар қатысушыларға соңғы жетістіктер мен өзекті мәселелер туралы айтып берді. Сонымен қатар семинарға қатысушылардың баяндамалары тыңдалды.

📌Жетісу университетінің қызметкерлері: ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің сарапшысы Қамбарова Әйгерім «Қара Арыстан шыбынының личинкалары (Hermetia illucens) көмегімен тамақ (биоқалдықтарды) қалдықтарын қайта өңдеу және жемшөп ақуызын өндіру» баяндамасымен; және Карипбаева Расима Құрманалиқызы «Мейер Қарақатының(Ribes meyeri Maxim.) in vitro жағдайында микроклоналды көбейту» баяндамасымен таныстырды.

📌Халықаралық семинар аясында біздің мамандар «Кондара» ВГБС жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік алды, сондай-ақ Кондара шатқалында практикалық сабақтар өткізді, оны биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша көрсеткіштік модель ретінде қарастыруға болады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *