
Микроклоналды көбейту
Микроклоналды көбейту – өсімдіктерді «in vitro» жағдайында вегетативті түрде көбейтудің бір тәсілі. Микроклоналды көбейту, немесе in vitro клондау, өсімдіктерді стерильді зертханалық жағдайларда жаппай көбейтудің әдісі болып табылады. Әдістің мәні – бастапқы өсімдіктің сабағы , тіндері немесе мүшелерін пайдалана отырып, оның бірдей көшірмелерін жасау (клондау). Бұл әдіс ауыл шаруашылығында, бағбандықта және орман шаруашылығында құнды өсімдік түрлерін көбейту үшін кеңінен қолданылады.
Микроклоналды көбейтудің кезеңдері
1
Бастапқы материалды таңдау және дайындау
Көбейту үшін өсімдіктің бүршігі, меристемасы немесе сабағының бір бөлігі алынады. Бұл материал сау және аурулардан таза болуы керек.
2
Стерилизация
Бастапқы материал кез келген микроорганизмдерді жою үшін стерилазиядан өткізеді.. Бұл өте маңызды, өйткені in vitro мәдени орталар ластануға өте сезімтал.
3
Жасуша
немесе тін мәдениеті
Стерильді материал өсу үшін қажетті элементтерді (витаминдер, көмірсулар, минералды тұздар, гормондар) қамтитын қоректік ортаға орналастырылады. Ортада жиі цитокининдер мен ауксиндер сияқты өсу гормондары қосады, олар жасуша бөлінуі мен өскіндердің пайда болуын ынталандырады.
4
Өскіндердің көбеюі
Қоректік заттар мен гормондардың әсерінен бастапқы материалдан жаңа өскіндер дами бастайды. Бұл кезеңде бір сабақтан немесе тіннен бірнеше өскін пайда болуы мүмкін.
5
Тамырлардың регенерациясы
Өскіндер қалыптасқаннан кейін, оларды тамырлардың пайда болуын ынталандыратын басқа ортаға ауыстырады.
6
Акклиматизация
Өсімдіктер толыққанды тамыр жүйесін қалыптастырғаннан кейін, оларды табиғи жағдайларға жақын жағдайларға (жылыжайлар немесе ылғалдылық пен температураны бақылайтын зертханалар) көшіреді. Өсімдіктерді сыртқы ортаға біртіндеп бейімдейді.
Микроклоналды көбейтудің артықшылықтары

Генетикалық
біркелкілік
Барлық өсімдіктер бастапқы өсімдікке генетикалық жағынан ұқсас болып келеді, бұл оның бірегей қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Көбею
жылдамдығы
Үлкен мөлшерде өсімдіктерді тез алуға болады.

Сау
өсімдіктер
Көбейту стерильді жағдайда жүзеге асырылғандықтан, ауру жұқтыру қаупі азаяды.

Сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтау
Әдіс сирек кездесетін өсімдіктер популяциясын қалпына келтіру үшін қолданылады.
Технология схемасы


Жасыл қалемшелеу
Жасыл қалемшелеу – бұл өсімдіктердің вегетативті көбейту әдісі, онда жас, жасыл, сүректенбеген өсінділер қолданылады. Бұл әдіс әсіресе бағбандықта және орман шаруашылығында сәндік және жеміс дақылдарын көбейту үшін кеңінен қолданылады.
Жасыл қалемшелеудің
негізгі кезеңдері
1
Қалемшелерді таңдау және дайындау
Қалемшелер көбейту үшін ағымдағы жылдың жас, белсенді өсіп жатқан өсінділерінен алынады. Қалемшенің ұзындығы әдетте 5-тен 15 см-ге дейін болады және оның бірнеше жапырағы болуы керек. Қалемшенің топыраққа салынатын төменгі бөлігін шіріп кетпеу үшін
2
Кесу
Қалемшенің жоғарғы бөлігі түзу кесіліп, жапырақ бекітілетін түйіннен сәл жоғары болады, ал төменгі бөлігі түйіннің астынан бұрыштап кеседі. Бұл жақсы тамырлану үшін маңызды.
3
Өсу стимуляторларымен өңдеу
- Тамырлану мүмкіндігін арттыру үшін қалемшелерді жиі арнайы препараттармен – тамыр пайда болуын ынталандыратын стимуляторлармен (мысалы, гетероауксин немесе корневин) өңдейді. Бұл заттар тамырдың түзілуін жеделдетіп, қалемшелердің жақсы бейімделуін қамтамасыз етеді.
4
Қалемшелерді отырғызу
Қалемшелер дайындалған, ылғалды топырақ қоспасына отырғызылады, әдетте бұл 1:1 қатынасында шымтезек пен құм немесе перлиттен тұрады. Топырақ жеңіл және ауа өткізгіш болуы керек. Қалемшелерді түйінге дейін көміп, сол жерден тамырлар қалыптасады.
5
Жылыжай әсерін жасау
Қалемшелерге жоғары ылғалдылық пен тұрақты температураны қамтамасыз ету үшін оларды полиэтилен пленкамен, шынымен жабады немесе жылыжайға қояды. Бұл ылғалдың булануын болдырмай, тамырлану үшін оңтайлы жағдай жасайды.
6
Қалемшелерге күтім
- Қалемшелерді үнемі су бүркіп, тұрақты температураны (әдетте 20-25°C) және жоғары ауа ылғалдылығын сақтау қажет. Бірнеше аптадан кейін қалемшелерде тамыр пайда бола бастайды. Бұл процесс өсімдік түріне байланысты 2-ден 6 аптаға дейін созылуы мүмкін.
7
Тамырланған қалемшелерді отырғызу
Қалемшелер тамырланғаннан кейін оларды жеке ыдыстарға немесе ашық топыраққа көшіруге болады. Ашық топыраққа отырғызбас бұрын өсімдіктерді сыртқы жағдайларға біртіндеп бейімдеп, ылғалдылық пен температураны төмендету қажет.
Жасыл
қалемшелеудің
артықшылықтары

Сорттық
қасиеттерді сақтау
Бұл вегетативті көбейту әдісі болғандықтан, жаңа өсімдіктер бастапқы өсімдіктің барлық қасиеттерін сақтайды

Қарапайымдылық
және қолжетімділік
Әдіс күрделі жабдықты қажет етпейді және оны кәсіпқойлар да, әуесқой бағбандар да қолдана алады

Жылдамдық
Кейбір өсімдіктер бірнеше апта ішінде тамырлана алады, бұл әдісті жылдам әрі тиімді етеді.
Технология схемасы


Қаржыландырылды
«Ғылым қоры» АҚ
Осы жоба «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ-нің ақша қаражаты есебінен қаржыландырылатын ҒҒТҚН коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда